04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Смолов «Қайратқа» ауыса ма?

Смолов «Қайратқа» ауыса ма?

«Краснодардың» бұрынғы шабуылшысы Фёдор Смолов өзін «Қайратпен» байланыстырып жатқан ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы Prosports.kz порталы Sport24 басылымына сілтеме жасап жазды.

Бұған дейін алматылық клуб шабуыл шебін күшейту үшін ресейлік футболшыны қарастырып жатқаны хабарланған еді. «Қайрат» келер маусымда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатыспақ.

«Қазақстан алға! Ал сұраққа келсек — пікірсіз қалдырсам деймін. Күніңіз сәтті өтсін, қоңырау шалғаныңызға рахмет», – деді Смолов тілшілерге берген жауабында.

Айта кетейік, ол биылғы маусымда «Краснодармен» бірге алғаш рет Ресей чемпионы атанды.