28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сманов жастар құрамасының бас бапкерін сынға алды

Сманов жастар құрамасының бас бапкерін сынға алды

ҚР бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұржан Сманов Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Бахыт Сәрсекбаев туралы «Күнгей.кз» YouTube-арнасына берген сұхбатында өз пікірін білдірді.

Бахыт Сәрсекбаев туралы сырттай білемін. Ол Өзбекстаннан келген, көппен араласа бермейді. Орысша сөйлейді, қазақ та, өзбек те емес, кеше берген сұхбатында қазақша сөйлегені жақсы болды, жарайды. Қазір өзі адамдарды жаттықтырып жүр, бұның оңай емес екенін түсінген шығар. Азия чемпионатындағы жетістігімен құттықтаймын, бірақ онда күшті қарсыластар болған жоқ. Күшті бәсекелестік көрсете алатын өзбектер болған жоқ

Бахыт Сәрсекбаевтың жетекшілігімен Қазақстан жастар құрамасы Коломбодағы Азия чемпионатында 22 алтын медаль жеңіп алды.