Оқу уақыты: 1 мин

Смаков «Жетісудің» маусымдағы алғашқы жеңісін түсіндірді

Смаков «Жетісудің» маусымдағы алғашқы жеңісін түсіндірді

Талдықорғандық «Жетісу» бас бапкері Самат Смаков ҚПЛ-дің оныншы турында «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңгені туралы клуб баспасөз қызметіне пікір білдірді.

«Жетісудің» барлық жанкүйерлерін жеңіспен құттықтағым келеді. Биылғы маусымда жеңісіміз болған жоқ еді, міне бүгін өз алаңымызда, туған қабырғамызда, бізді бүкіл маусым бойы қолдап келе жатқан жанкүйерлерді қуантты»

Талдықорғандықтар бапкері — оның шәкірттері шеберлігі жоғары командамен ойында мінез көрсетіп, тактикалық тапсырманы толық орындағанын атап өтті.

«Алға жылжи береміз. Алғашқы жеңіс, үйдегі алғашқы үш ұпай, бірақ тоқтауға болмайды: бүгін қуанамыз, ал ертең ұмытып, келесі ойынға дайындалу керек»