02.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Слован» Мартин Эрличті қатарына қоспақ

«Слован» Мартин Эрличті қатарына қоспақ

Словакиялық «Слован» жақын арада қорғаныс шебін едәуір күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Братислава клубы қазір Италияның «Болонья» командасымен орталық қорғаушы Мартин Эрличтің трансфері бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Алайда бұл келісім әзірге ойыншының қымбат бағасына тіреліп тұр. «Болонья» футболшы үшін 7 миллион еуро сұраса, «Слован» тек 4 миллион төлеуге дайын. Соған қарамастан, келіссөз жалғасып жатыр және тараптар аз сомаға келісіп қалуы да мүмкін.

Сонымен қатар, «Слован» Португалияның «Боавишта» клубында ойнайтын орталық қорғаушы Сидуан Фогнингке де белсенді қызығушылық танытып жатыр. Transfermarkt мәліметінше, оның нарықтағы құны Эрличпен салыстырғанда әлдеқайда төмен — 500 мың еуро.

Еске салайық, «Слован» — алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы.