13.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Слован» бапкері бұрынғы командасына құрмет көрсетті

«Слован» бапкері бұрынғы командасына құрмет көрсетті

Братиславаның «Слован» клубының бас бапкері Владимир Вайсс, бұған дейін алматылық «Кайратты» жаттықтырған маман, бұрынғы командасына құрмет көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz

Братислада өткен жауапты ойында «Слован» 1:0 есебімен жеңіске жеткенімен, қос кездесудің қорытындысы бойынша келесі кезеңге «Кайрат» жолдама алды.

Кездесуден кейін Вайсс «Кайрат» ойыншыларының киім ауыстыру бөлмесіне кіріп, әрқайсысын жеке-жеке құттықтады.

Айта кетейік, алматылық клуб тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Бұл раундта олар шотландиялық «Селтикпен» кездеседі.