14.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Слаломды есуден Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшы күміс жүлдеге ие болды

Слаломды есуден Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшы күміс жүлдеге ие болды

Қытайдың Сиаси қаласында слаломды есуден Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медаль түсті.

Байдарка жалғыз дисциплинасында ел намысын қорғаған Екатерина Таранцева 104.82 нәтижесімен мәреге екенші болып жетті.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 17 тамызға дейін жалғасады.