12.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

СКА мен «Авангардтың» экс-шабуылшысы Эмиль Галимов «Барыс» ойыншысы атанды

СКА мен «Авангардтың» экс-шабуылшысы Эмиль Галимов «Барыс» ойыншысы атанды

Metaratings.ru мәліметінше, Эмиль Галимов астаналық «Барыспен» келісімге келді — келісімшарт бір маусымға жасалып, жалақысы шамамен 150 миллион теңгені құрайды.

Өткен маусымда 33 жастағы шабуылшы омбылық «Авангард» намысын қорғады — ол КХЛ-дің тұрақты біріншілігі мен плей-офф кезеңінде 16 ойын өткізіп, төрт шайба соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Нижнекамск қаласының тумасы және жергілікті «Нефтехимиктің» тәрбиеленушісі Континентальдық хоккей лигасында мол тәжірибеге ие — ол СКА, «Локомотив» және «Ақ Барыс» командаларында ойнаған.