02.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Синнер Уимблдонның бірінші айналымындағы жеңісі туралы айтты

Синнер Уимблдонның бірінші айналымындағы жеңісі туралы айтты

Әлемнің сегізінші ракеткасы Янник Синнер Уимблдон турнирін сенімді бастады, деп хабарлайды atptour.com.

Италиялық теннисші бірінші айналымдағы матчта — отандасы Лука Нардиге мүмкіндік қалдырмай, кездесуді 6:4, 6:3, 6:0 есебімен аяқтады.

«Галледегі турнирден кейін біз подачаны жақсарту бойынша көп жұмыс істедік. Бүгін мен жақсы подача жасадым — әсіресе шешуші сәттерде. Басында екеуімізге де оңай болған жоқ, бірақ содан кейін мен ойынды жақсартып, допқа күш сала бастадым. Матчтың соңғы бөлігіне өте ризамын және бұл жеңіс маған келесі кездесуде сенімділік береді деп үміттенемін», — деді Синнер.