11.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Синнер рекорд орнатты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Синнер рекорд орнатты

Төрт дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы және әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер кәсіби мансабындағы ең жылдам жеңісіне қол жеткізді.

9 тамыз, сенбі күні Цинциннати (АҚШ) қаласында өткен «Мастерс» сериясындағы турнирдің екінші айналымында италиялық теннисші әлемнің 144-ракеткасы, колумбиялық Даниэль-Элаи Галаннан басым түсті — 6:1, 6:1. Бар болғаны 59 минутқа созылған матч Синнер карьерасындағы уақыт жағынан ең қысқа ойын болды.

Келесі, үшінші айналымда Синнер канадалық Габриэль Диалломен кездеседі. Айта кетейік, италиялық бұл турнирдің қазіргі чемпионы — өткен жылы финалда америкалық Фрэнсис Тиафоны ұтып, кубокты көтерген еді.