04.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Синнер мен Музетти US Open ширек финалында кездеседі

Синнер мен Музетти US Open ширек финалында кездеседі

Янник Синнер мен Лоренцо Музетти — Италияның екі өкілі — US Open турнирінің ширек финалында кездеседі.

«Үлкен дулыға» сериясының теннис турнирі Нью-Йорктегі хард корттарында өтуде — жарыстың жүлде қоры 90 миллион долларды құрайды.

Беделді жарыс 24 тамызда басталып, 2025 жылдың 7 қыркүйегіне дейін жалғасады.