04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Симо́не Индза́ги «Интердің» бас бапкері қызметінен кетті

Симо́не Индза́ги «Интердің» бас бапкері қызметінен кетті

Белгілі бапкер Симо́не Индза́ги «Интер» командасы бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Итальяндық маман аталған клубтың тізгінін 2021 жылдан бері ұстап келді. 2023/24 жылғы маусымда «Интер» командасы өз елінің чемпионы атағын жеңіп алды. 2021/22, 2022/23 жылғы маусымда Италия кубогының иегері атанса, 2021, 2022, 2023 жылдарда Италия суперкубогына қол созды.

«Интер» биыл Чемпиондар лигасы финалына дейін жетті. Финалда Францияның «Пари Сен-Жермен» клубына 0:5 есебімен есе жіберді.

Ол 2010 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысып келеді. Италияда «Интерден» басқа «Лацио» клубына да жетекшілік етті.

Спорттық мансабында 1994-2008 жылдарда италиялық клубтарда доп тепті. 2000-2003 жылдарда өз елінің ұлттық құрамасының жейдесін киді.

Бірқатар басылымдар оны енді Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубына барады деген ақпарат таратып отыр.