23.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Сиэтл Саундерс» тек тәжірибе үшін келген, ПСЖ жеңеді» — сарапшы

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Сиэтл Саундерс» тек тәжірибе үшін келген, ПСЖ жеңеді» — сарапшы

Клубтар арасындағы әлем чемпионатының 3-тур аясында өтетін ПСЖ – «Сиэтл Саундерс» кездесуі қарсаңында сарапшы, журналист Әбілмансұр Қамзаев Sport Pulse порталына пікір айтты:

— ПСЖ екі ойынның бірінде жеңіске жетті, бірінде жеңілді. Бұл тұрақсыздық команданың тактикасына байланысты ма, әлде мотивация мәселесі ме?

— ПСЖ турнир басталмай жатып-ақ басты фаворит саналды. Алғашқы турда «Атлетиконы» жеңіп, бұл сенімді ақтады. Алайда екінші ойында «Ботафогоға» 0:1 есебімен жол беруі мотивацияның емес, климаттың әсері. АҚШ-тағы ауа райы еуропалық командалар үшін қолайсыз, ал оңтүстік америкалық ойыншылар ыстыққа бейім. Сондықтан бұл нәтиженің басты себебі – ауа райы.

— «Сиэтл Саундерс» топтағы екі ойында да жеңіліп қалды. Осы матчта олардан қандай өзгеріс күтуге болады? ПСЖ-ға қарсы қандай қару қолдана алады?

— Меніңше, ешқандай. «Сиэтл» – МЛС-та ортаңқол команда. Бұл матчта да ПСЖ оларды оңай жеңеді деп ойлаймын. Америкалық клуб бұл турнирге тәжірибе жинауға келген.

— B тобында өте күрделі болып тұр – барлық командада топтан шығуға ұмтылады. Қай команда плей-оффқа өтеді және неге?

— «Ботафого» топтан бірінші орынмен шығады. Екінші жолдама ПСЖ-ға бұйырады. Ал «Атлетикода» мүмкіндік жоқ. Оларға шешуші матчта көп фактор сәйкес келуі керек, бірақ жағдай оларға емес, ПСЖ мен «Ботафогоға» тиімді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!