08.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Сібір» қорғаушысымен СКА келісімшартқа отырды

«Сібір» қорғаушысымен СКА келісімшартқа отырды

Санкт-Петербор СКА канадалық қорғаушы Тревор Мерфимен екі жылдық келісімшартқа отырды, деп хабарлайды клубтың телеграм-арнасы.

Канадалық хоккейші соңғы төрт маусым Новосібір «Сібірінің» намысын қорғады. Өткен КХЛ тұрақты чемпионатында Мерфи 64 ойын өткізіп, 58 ұпай жинады — 13 шайба соғып, 45 нәтижелі пас берді, пайдалылық көрсеткіші «минус 18» болды.

Плей-офф сериясында 29 жастағы қорғаушы жеті кездесуде алты нәтижелі балл жинады — екі шайба мен төрт пас беріп, пайдалылық көрсеткіші «минус 5» болды.

«Өткен тұрақты біріншіліктің ең нәтижелі қорғаушысы және үздік ассистенті — СКА-да! Қош келдің, Тревор!» — делінген петерборлық клуб баспасөз қызметінің хабарламасында.