Оқу уақыты: 1 мин

Шымкентте Қазақстан құрамасы Қытайды жеңіп, ширек финалға шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Шымкентте Қазақстан құрамасы Қытайды жеңіп, ширек финалға шықты

Шымкент қаласындағы ұлттық теннис орталығы Beeline Arena кешенінде жасөспірімдер арасындағы Billie Jean King Cup Asia/Oceania Final Juniors іріктеу турнирінің топтық кезеңі аяқталды.

Қазақстан құрамасы Ярослава Шведованың басшылығымен кеше Таиландты 3:0 есебімен тас-талқан етіп жеңсе, бүгін «D» тобындағы соңғы матчта Қытайдан волямен жеңісті жұлып алды.

  • Жекелей кездесуде Еркежан Жанатаева Ванг Тонгтан 3:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды.

  • Екінші ойында Ева Корышева әлемнің 64-ракеткасы Ю Ханьды 6:4, 6:1 есебімен жеңіп, есепті теңестірді.

  • Парлы матчта Еркежан мен Ева Ванг пен Хань дуэтін 6:4, 7:5 есебімен ұтып, Қазақстанға маңызды жеңіс сыйлады.

Енді 15 мамыр күні, жеребе нәтижесінде Қазақстан құрамасы ширек финалда Үндістанмен кездеседі. Жасөспірімдер арасындағы Billie Jean King Cup финалдық кезеңіне шығу үшін жартылай финалға өту қажет. Финалдық кезеңге төрт үздік команда жолдама алады.

Ширек финалдың басқа жұптары:

  • Австралия – Қытай

  • Жаңа Зеландия – Жапония

  • Корея – Қытай Тайбэні

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының серіктестері:
Beeline Janymda – матчтарды кез келген жерде тамашалаңыз, әсермен бөлісіңіз
Forte – Адамдарға көмектесеміз. Кәсіпкерлерді қолдаймыз. Болашақ құрамыз
RG Gold – турнирдің бас демеушісі, Қазақстандағы алтын өндіруші компания

Сағат сайын A`SU ішіңіз!