26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шымкентке де еурокубок мерекесі келді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Шымкентке де еурокубок мерекесі келді

Бүгін Шымкентте тарихи сәттің куәсі боламыз. «Ордабасы» U19 командасы UEFA Жасөспірімдер лигасының алғашқы кезеңінде Беларусьтің «Динамосымен» (Минск) кездеседі.

Freedom QJ League бұл ойынға қолдау көрсетіп, жанкүйерлерге нағыз футбол мерекесін сыйламақ.

Матч алдында түрлі ойындар ұйымдастырылып, сыйлықтар үлестіріледі. Сонымен қатар, көрермендер үшін ән-шеру де дайындалған.

Футбол мерекесі 14:30-да басталып, жанкүйерлерге ерекше атмосфера сыйлауы күтіледі.