Оқу уақыты: 1 мин

«Швейцария құрамасы Австрияны сенімді жеңіп, жартылай финалға шығады»: сарапшы ӘЧ-ң кезекті матчы туралы

«Швейцария құрамасы Австрияны сенімді жеңіп, жартылай финалға шығады»: сарапшы ӘЧ-ң кезекті матчы туралы

22 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионатының ширек финалында Швейцария мен Австрия құрамалары кездеседі.

Швейцария топтық кезеңде сенімді ойын көрсетті: жеті матчта алты жеңіс, бір жеңіліс және жалпы 19 ұпай жинады. Команда турнирлік кестеде бірінші сатыдан көрінді, ал шайба айырмашылығы – 34:9. Соңғы бес кездесуде Швейцария АҚШ-ты (3:0), Норвегияны (3:0), Венгрияны (10:0), Қазақстанды (4:1) және Германияны (5:1) тізе бүктірді.

Австрия құрамасы жеті матчтың қорытындысы бойынша 10 ұпай жинап, өз тобында төртінші орын алды. Жалпы шайба айырмашылығы – 21:18. Соңғы бес кездесуде Австрия Словакияны (3:2), Францияны (5:2), Словенияны (3:2) және Латвияны (6:1) ұтып, Канада хоккейшілеріне (1:5) есе жіберді.

Хоккей сарапшысы әрі Freedom QJ League-ның баспасөз қызметкері Бекежан Ардақұлы Sport Pulse порталына алдағы ширек финал ойынына қатысты пікір айтты:

— Әлем чемпионатының топтық кезеңі осымен өз мәресіне жетті. Ширек финалдағы алғашқы жұп – Швейцария мен Австрия. Жалпы бұл текетіресте Швейцария командасы сенімді жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алады деген сенімдемін.

Басты сурет: Швейцария құрамасы/Global Look Press