Оқу уақыты: 1 мин

Швеция қазіргі әлем чемпиондары Чехияны ӘЧ-2025 ширек финалында жеңді

Швеция қазіргі әлем чемпиондары Чехияны ӘЧ-2025 ширек финалында жеңді

Швеция құрамасы Чехияны 5:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

«Анахайм» шабуылшысы Лео Карлссон мен «Детройт» форварды Лукас Рэймонд — матчтың басты кейіпкерлері, олардың әрқайсысы екі шайбадан салды.

«Вашингтон» қорғаушысы Расмус Сандин мен «Рейнджерс» шабуылшысы Мика Зибанежад жеңіске елеулі үлес қосты — әрқайсысының еншісінде екі нәтижелі пас бар.

Чехия құрамасы — қазіргі әлем чемпионы — ширек финалдағы осы жеңілістен кейін өз атағын қорғау мүмкіндігінен айырылды.