02.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Швентек US Open-те Шарапованың жетістігін қайталады

Швентек US Open-те Шарапованың жетістігін қайталады

Ига Швентек АҚШ-тың ашық чемпионатындағы сенімді өнерін жалғастыруда — поляк теннисшісі ресейлік Екатерина Александрованы 6:3, 6:1 есебімен жеңді.

24 жастағы спортшы тарихи нәтижеге қол жеткізді — ол Мария Шараповадан кейін бір маусым ішінде Үлкен дулыға турнирлерінің барлық ширек финалына жеткен ең жас теннисші атанды.

Поляк теннисшісі үшін бұл Үлкен дулыға турнирлеріндегі он үшінші ширек финал — келесі матчта ол Беатрис Хаддад МайяАманда Анисимова жұбының жеңімпазымен кездеседі.