Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Штутгарт» Германия Кубогының финалына шықты — қарсылас төменгі лига өкілі

«Штутгарт» Германия Кубогының жартылай финалында «Лейпцигті» 3:1 есебімен сенімді түрде жеңіп, финалға жолдама алды. Бұл — команданың соңғы 12 жылдағы алғашқы ұлттық кубок финалы.

Себастиан Хенесс жаттықтыратын ұжым шешуші матчта үшінші дивизион өкілі — «Арминиямен» кездеседі. Финал 24 мамырда бейтарап алаңда өтеді.

«Штутгарт» Германия Кубогын бір ғана рет жеңіп алған — 1997 жылы. Ал үшінші лига командасы бұл турнирдің финалына соңғы рет 2001 жылы шыққан болатын.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!