Оқу уақыты: 1 мин

Шри-Ланкада өткен 19 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 алтын медаль иеленді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Шри-Ланкада өткен 19 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 алтын медаль иеленді

Шри-Ланкада өткен 19 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары зор жетістікке жетіп, жалпы 10 алтын медаль жеңіп алды. Бұл чемпионатта 11 боксшы финалға шығып, 10-ы чемпион атанды.

Турнирдің нәтижесінде Қазақстанның жас боксшылары әртүрлі салмақ категорияларында топ жарды:

  • 48 кг — Нұрхан Құмарбеков
  • 51 кг — Досымжан Таңатар
  • 54 кг — Алдияр Бахадүр
  • 57 кг — Нығман Нығмет
  • 60 кг — Әділет Тортубек
  • 63.5 кг — Мұхит Нұрқабылұлы
  • 67 кг — Сұлтан Тұрдалы
  • 80 кг — Игорь Соловьёв
  • 92 кг — Расул Асанханов
  • +92 кг — Бексұлтан Қайратұлы

Бұл жетістіктер Қазақстанның бокс спорты саласындағы жас буынның болашағы зор екенін көрсетеді.