10.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шотланд клубы жас австралиялық шабуылшыны қосып алды

Шотланд клубы жас австралиялық шабуылшыны қосып алды

«Данди Юнайтед» «Вестерн Сидней Уондерерстен» австралиялық шабуылшы Зак Сапсфордпен үш жылдық келісімшартқа отырды — бұл туралы шотланд клубының ресми сайты хабарлайды.

Австралияның 17 жасқа дейінгі құрамасында ойнаған 22 жастағы шабуылшының Ұлыбританияда ойын тәжірибесі бар — ол «Честердің» намысын қорғаған. Австралиялық клубта шабуылшы 43 ойында 11 гол соққан.

«Закты қосып алу — клуб үшін тамаша мәміле, трансфер терезесінің басында мұндай деңгейдегі ойыншыны алу өте маңызды», — деді бас бапкер Джим Гудвин.

«Данди» бапкері жаңа ойыншының жақсы гол соғу қабілеті мен екі аяғымен де ойнай алатынын, сондай-ақ командаластарымен тиімді әрекеттесе алатынын атап өтті.