17.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Шорт-тректен Әлем кубогі

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

16 ақпан күні Италияның Милан қаласында өткен шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы 5000 метрлік эстафеталық жарыста қола медальға ие болды. Бұл жетістікке Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко және Әділ Ғалияхметов қол жеткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орынды Италия құрамасы (6:42.85) жеңіп алса, екінші орынға Канада (6:42.90) ие болды. Қазақстандықтар 6:46.068 нәтижесімен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер дәл осы қашықтықта алтын медаль жеңіп алған болатын.

Бұл жетістік Қазақстанның шорт-трек спортының халықаралық аренадағы беделін арттырып, спортшыларымыздың жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.