01.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Шевченко Дэвис кубогы матчында Қазақстанға алғашқы ұпайды әкелді

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Астанада Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Пәкістан командасымен күш сынасуда. Бірінші матчта Александр Шевченко Музамиль Муртазаны сенімді түрде 6:2, 6:1 есебімен жеңіп, Қазақстанға алғашқы ұпайды алып келді. Бұл Шевченко үшін ұлттық құрама сапындағы Дэвис кубогындағы бірінші жеңіс.

Матч 1 сағат 3 минутқа созылды. Ойыннан кейін ол кездесуден алған әсерімен бөлісті:

«Ел үшін ойнау әрдайым толғандырады, бірақ матчтың ортасына қарай сенімділігім артып, ойын тізгінін қолыма алдым. Бұл жеңіс мен үшін маңызды, болашаққа сенім береді», — деді теннисші.

Сонымен қатар Александр Шевченко үшін матч алдында Қазақстанның Әнұранын тыңдау ерекше сәт болды:

«Бұл үлкен жауапкершілік пен қолдауды сезіндіреді, осындай сәттер мәңгі есте қалады», –деп мойындады ол.

Спортшы Дэвис кубогы аясындағы ойындар аяқталғаннан кейін оны Еуропа мен Оңтүстік Америкадағы жарыстар күтіп тұрғанын да хабарлады.

Сурет авторы: Андрей Ударцев