08.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шетелдік БАҚ: Англия жастары Қазақстанды ірі есеппен жеңеді

Шетелдік БАҚ: Англия жастары Қазақстанды ірі есеппен жеңеді

Sportskeeda сайты бүгін ЕУРО-2027 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан – Англия жастарының ойынына болжам жасады, Sport12.kz

Англия құрамасы бұл ойынға Еуропа чемпионы деген атақпен келеді. Олар кейінгі 3 ойында Германия, Нидерланд, Испания құрамаларын жеңді. Енді олар 2027 жылы Албания мен Сербияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін бастайды.

Қазақстан құрамасы да кейінгі екі ойында қарсыластарынан басым түсті. Енді олар өз алаңындағы басымдықты пайдалануға тырысады. Әйтсе де қонақтар сенімді жеңіске жетуге тиіс.

Қос команда өз тарихында үшінші рет жасыл алаңда кездеседі. 2016 жылы Англия 3:0 және дәл осы Ақтөбеде 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Біздің болжамымыз – 1:4 есебі тіркеледі.