29.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шериф Жимо «Ордабасыдан» кетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Шериф Жимо «Ордабасыдан» кетті

«Ордабасы» футбол клубы ивуарлық қорғаушы Шериф Жимоның командадан кеткенін ресми түрде хабарлады. Келісімшарт қос тараптың өзара келісімімен бұзылған.

29 жастағы футболшы шымкенттік клуб сапына 2025 жылдың 2 ақпанында қосылған болатын. Оның келісімі осы жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде еді.

Жимо «Ордабасы» құрамында 20 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 250 мың еуро деп бағалайды.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!