16.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шавкат Рахмоновтың UFC жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың UFC жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды

UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шавкат Рахмонов ирландиялық файтер Иэн Гэрриді басып озып, рейтингте екінші орынға ие болды.

Қазіргі дивизион чемпионы — ресейлік Ислам Махачев.

Айта кетейік, Рахмонов октагонда бір жылға жуық уақыт бойы жекпе-жек өткізген жоқ.