Оқу уақыты: 1 мин

Шавкат Рахмонов UFC-дің жаңа чемпионының жеңісіне қатысты пікір білдірді

Шавкат Рахмонов UFC-дің жаңа чемпионының жеңісіне қатысты пікір білдірді

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Монреальдегі UFC 315 турнирінің басты оқиғасында австралиялық Джек Делла Мадделенаның Белал Мұхаммадтан күтпеген жеңісіне қатысты пікір білдірді.

Құттықтаймын, Джек Делла Маддалена. Ұзақ үзіліс пен жарақаттардан кейін тамаша өнер көрсеттің. Сен 170 фунттағы нағыз қарсылас мен екенімді білесің. Ерте ме, кеш пе менің уақытым келеді

Жартылай орта салмақтағы титулдық жекпе-жекте Маддалена төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті — осылайша австралиялық файтер осы салмақ дәрежесінде UFC-дің жаңа чемпионы атанды.