12.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шавкат Рахмонов UFC-дегі басты қарсыласынан айырылды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Шавкат Рахмонов UFC-дегі басты қарсыласынан айырылды

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы Эдуард Базров UFC жартылай орта салмақтың екінші нөмірлі өкілі Шон Брэдиге қарсы мүмкін жекпе-жек жайлы пікір білдірді.

Бұған дейін Брэди Рахмоновқа қараша айында жекпе-жек өткізуге ұсыныс жасаған еді. Кейін бұл кездесу әзірленіп жатқаны жөнінде сыбыстар тарады. Алайда Базровтың айтуынша, ресми ұсыныс түспеген.
— Жоқ, бұл жөнінде бізде ешқандай ақпарат жоқ. Әрине, оның басқа қарсыласы болатын шығар, — деді бапкер.

Еске сала кетейік, Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында Иэн Гэрриді жеңіп аяқтаған. Ал Брэди биыл наурызда экс-чемпион Леон Эдвардсті мерзімінен бұрын ұтты. Мамыр айында Шавкат аяқ жарақатына байланысты Белал Мұхаммадпен өтетін титулдық жекпе-жектен бас тартқан болатын.

Қазіргі таңда UFC жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін австралиялық Джек Делла Маддалена иеленіп отыр. Ол титулды Белал Мұхаммадтан тартып алған.