13.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шавкат Рахмонов Монреальдегі турнирден кейін UFC рейтингінде төмендеді

Шавкат Рахмонов Монреальдегі турнирден кейін UFC рейтингінде төмендеді

Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов UFC жартылай орта салмақ дәрежесінің рейтингінде үшінші орынға түсті, деп хабарлайды Shaiba.kz.

Рейтингтегі өзгерістер Монреальдегі UFC 315 турнирінен кейін орын алды — Белал Мұхаммад чемпиондық белбеуден Джек Делла Маддаленеге айырылды.

Жаңартылған рейтингтің үздік бестігі келесідей:

  • Белал Мұхаммад
  • Шон Брэди
  • Шавкат Рахмонов
  • Леон Эдвардс
  • Камару Усман

Рахмонов өткен жылдың соңында Иэн Гэрриді жеңгеннен кейін екінші орынға көтерілген болатын. Қазір қазақстандық жауынгер жарақаттан және отадан кейін қалпына келуде — оның қайта оралуы күз айының соңына дейін күтілуде.