Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Шавкат Рахмонов қазан айында октагонға оралуды жоспарлап отыр

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов биыл қазан айында октагонға қайта оралуды жоспарлап отыр. Қазір ол Алматыда толыққанды жаттығу жасап, бұрынғы спорттық қалпына келе бастады.

Бапкері Эдуард Базровтың айтуынша, Шавкат дайындықты күшейтіп, жақсы формаға енуде. Команда күзде чемпиондық жекпе-жекке шығуға ниетті — бұл қадам Рахмоновтың мансабындағы шешуші кезең болуы мүмкін.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC-де өткізген барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.