Оқу уақыты: 1 мин

Шавкат Рахманов жаңа чемпионға үн қатты: «Менің де уақытым келеді»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Шавкат Рахманов жаңа чемпионға үн қатты: «Менің де уақытым келеді»

Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахманов жартылай орта салмақтағы жаңа чемпион Джек Далла Маддаленаны құттықтап, өзінің де титулға дайын екенін мәлімдеді.

«Джек Далла Маддалена құттықтаймын. Бұл керемет жекпе-жек болды. Өзіңде білесің, мен жартылай орта салмақтағы үздік жауынгерлердің бірімін. Менің де уақытым келеді», — деп жазды Рахманов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Австралиялық Маддалена UFC 315 турнирінде Белал Мұхаммедті жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленген еді.

Шавкаттың кәсіби рекорды — 18 жеңіс, 0 жеңіліс, оның 100%-ы аяқталумен тіркелген. Жанкүйерлер енді Рахмановтың титулдық жекпе-жекке қашан шығатынын тағатсыздана күтуде.