10.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шаңғышы Олжас Климин 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Шаңғышы Олжас Климин 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының өкілі Олжас Климин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында үшінші орынға көтерілді. Бұл туралы prosports.kz жазды.

Қазақстандық спортшы 10 шақырымдық еркін стильдегі жарыста ел намысын сәтті қорғады.

Климиннің мәреге жеткен уақыты – 21:20.3. Жеңісті жапониялық Харуки Ямашита (21:06.5) иеленсе, оның командаласы Такацуга Уда (21:16.5) екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Константин Борцов спринтте күміс жүлдегер атанған болатын.