03.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Шахтер» жаңа логотипін таныстырды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Шахтер» жаңа логотипін таныстырды

Қарағандының «Шахтер» футбол клубы өз логотипін жаңартты. Бұл туралы команданың ресми Instagram парақшасы хабарлады.

«Сіз күттіңіз бе? Біз жариялаймыз! Біз клуб тарихын жаңаша жазып, жаңа логотипті ұсынамыз!» – деп жазды клуб өкілдері.

Жаңа эмблеманы жасау барысында өңірдің ерекшеліктері мен дәстүрлері ескерілген. Логотиптің негізгі элементі – Қарағандының символына айналған террикондарды бейнелейтін стильдендірілген геральдикалық қалқан. Қалқанның ортасында 1958 жылғы тарихи футбол добы орналасқан, оны «Football Club» және «Qaragandy» жазулары қоршап тұр. Доптың артында тау-кен ісінің белгісі саналатын екі айқасқан қайла бейнеленген. Сонымен қатар, клуб түстеріндегі классикалық тік жолақтар және олардың үстінде «Шахтер» атауы орналастырылған.

«Бұл логотип – жай ғана жаңарту емес. Бұл – біздің өткеніміз, бүгініміз және болашағымыздың бір белгіде тоғысуы», – деп атап өтті клуб өкілдері.

Жаңа логотипті әзірлеу байқауының жеңімпазы – @adil_kais есімді дизайнер.

Қарағандылық «Шахтер» – Қазақстанның ең танымал және тарихы терең футбол клубтарының бірі. Жаңартылған логотип жанкүйерлердің көңілінен шығып, клубтың жаңа белестерді бағындыруына серпін береді деп сенеміз.