27.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Шахтер» қатарына ҚПЛ клубының ойыншысын қоспақ

«Шахтер» қатарына ҚПЛ клубының ойыншысын қоспақ

Қарағандылық «Шахтер» «Қайраттың» экс-ойыншысын қатарына қосуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қызылжардың» жартылай қорғаушысы Андрей Ульшин қарағандылық клубтың назарына іліккен.

«Кеншілер» ҚПЛ-ға шығу мүмкіндігін арттыру үшін жазғы трансфер кезеңінде өз құрамын күшейтуді жоспарлап отыр.

«Қайраттың» түлегі «Қызылжар» сапында сегіз матч өткізіп, бір гол соғып бір нәтижелі пас берді.