09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шабуылшы Хохлачев Тольяттидің «Лада» клубына ауысады

Шабуылшы Хохлачев Тольяттидің «Лада» клубына ауысады

Winners Hockey Agency мәліметі бойынша, Александр Хохлачев Тольяттидің «Лада» клубының жаңа ойыншысы атанады.

«Александр Хохлачев жақын арада Тольяттидің «Лада» клубымен келісімшартқа отырады. Біз клубпен келісімге келдік және жақын арада барлық қажетті құжаттар рәсімделеді», — деп хабарлайды агенттік.

Өткен маусымда шабуылшы КХЛ-дің екі клубының намысын қорғады — «Амур» құрамында 21 ойын өткізіп, 3 ұпай (1+2) жинаса, «Сочиге» ауысқаннан кейін 42 ойында 17 нәтижелілік ұпайын (7+10) еншіледі.