25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шабуылшы Акмальдинов өскемендік «Торпедодан» кетті

Шабуылшы Акмальдинов өскемендік «Торпедодан» кетті

Shaiba.kz ақпараты бойынша, Александр Акмальдинов енді өскемендік «Торпедо» ойыншысы емес.

31 жастағы шабуылшы клуб құрамында нәтижелі маусым өткізді — Қазақстан чемпионатының тұрақты біріншілігінде форвард 27 ойында 25 ұпай жинап, 9 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.

Плей-офф сериясында хоккейші жоғары ойын деңгейін көрсетуді жалғастырды — 16 кездесуде оның еншісінде 5 шайба мен 8 голдік пас қосқанда 13 нәтижелілік ұпайы болды.