24.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Шабуылшы Дамир Жафяров маусым соңында «Барыстан» кетеді

«Головой об лед» Instagram-арнасының мәліметінше, Дамир Жафяров «Барыста» өнер көрсетуін жалғастырмайды. Ресейлік шабуылшының астаналық клубпен келісімшарты 31 мамырда аяқталады.

Дереккөз мәлімдегендей, қоштасудың себебі бапкерлер штабы мен хоккейші арасындағы өзара түсініспеушілік — жаттықтырушы ойыншының командадағы болашағын көрмейді, ал спортшының өзі бапкердің көзқарасын қолдамайды.

Ағымдағы КХЛ маусымында Жафяровтың нәтижелілігі өте төмен болды — 27 өткізген ойында шабуылшы бір шайба соғып, төрт нәтижелі пас беріп, небәрі бес ұпай жинады.

Айта кетерлігі, астаналық клуб өз тарихында алғаш рет КХЛ турнирлік кестесінің соңғы жолында қалды.