21.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Северсталь» КХЛ тұрақты чемпионатында «Барысты» қабылдайды

«Северсталь» КХЛ тұрақты чемпионатында «Барысты» қабылдайды

«Барыс» хоккей клубы КХЛ тұрақты чемпионатының сырт алаң сериясының кезекті матчын череповецтік «Северстальмен» өткізеді — ойын 20 қыркүйекте Қазақстан уақыты бойынша 19:00-де басталады.

Командалар бетпе-бет кездесуге әртүрлі көрсеткіштермен келеді — астаналық клуб алты ұпаймен Шығыста сегізінші орында тұр, ал череповецтіктер Батыс конференциясында төрт ұпаймен тоғызыншы орынға жайғасқан.

Екі ұжым да алдыңғы матчтарында магнитогорлық «Металлургтен» жеңілгені назар аударарлық — «Барыс» 1:5 есебімен жол берсе, «Северсталь» 2:5 есебімен ұтылды.

Андрей Скабелка шәкірттері үшін сырт алаң сериясының соңғы матчы 22 қыркүйекте минскілік «Динамомен» кездесу болады.