16.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сержиу Консейсау келесі маусымда «Миланда» қалмайды

Сержиу Консейсау келесі маусымда «Миланда» қалмайды

Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, Сержиу Консейсау маусым соңында «Миланның» бас бапкері қызметінен кетеді.

Желтоқсанда «россонериді» басқарған португалдық маман — команданы Италия Суперкубогының жеңісіне жеткізді. Алайда кеше миландық клуб Италия Кубогының финалында «Болоньядан» 0:1 есебімен жеңіліс тапты, ал Серия А турнирлік кестесінде тек сегізінші орында тұр.

Сондай-ақ, қыстан бері «Миланда» жалға алу құқығымен өнер көрсетіп жүрген Жоау Феликс маусым соңында лондондық «Челсиге» оралатыны белгілі болды.