Оқу уақыты: 1 мин

Серия А-ның ең жоғары жалақы алатын ойыншылары белгілі болды

Серия А-ның ең жоғары жалақы алатын ойыншылары белгілі болды

L’Equipe мәліметінше, туриндік «Ювентус» шабуылшысы Душан Влахович — Италия чемпионатындағы ең жоғары жалақы алатын футболшы. Оның салық шегерілмеген айлық табысы 1,62 миллион еуроны құрайды.

Серия А-дағы ең көп табыс табатын ойыншылардың бестігі:

  1. Душан Влахович («Ювентус») — 1,62 млн еуро
  2. Лаутаро Мартинес («Интер») — 1,39 млн еуро
  3. Пауло Дибала («Рома») — 1,08 млн еуро
  4. Николо Барелла («Интер») — 1 млн еуро
  5. Хакан Чалханоглу («Интер») — 930 мың еуро

Айта кетерлігі, үздік бестікте «Интер» клубының үш бірдей футболшысы бар — бұл кез келген басқа командадан жоғары көрсеткіш.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!