27.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Серия А-да «Наполи» «Интерді» жеңіп, «Милан» «Пизамен» тең түсті

Серия А-да «Наполи» «Интерді» жеңіп, «Милан» «Пизамен» тең түсті

Италия Серия А-ның сегізінші турында бірнеше маңызды матч өтті. «Милан» «Пизаны» жеңе алмады – кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

«Наполи» «Интермен» болған ойында сенімді ойын көрсетіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Басқа матчта «Аталанта» «Кремонеземен» ұпай бөлісті – 1:1.

«Рома» сырт алаңда «Сассуолоны» минималды есеппен жеңді – 1:0. Тур соңында «Ювентус» сырт алаңда «Лациомен» кездеседі.