05.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Серікжан Мужиков «Жетісу» сапына қайта оралады

Серікжан Мужиков «Жетісу» сапына қайта оралады

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков қысқы маусымаралық үзіліс кезінде «Жетісуға» оралады, деп хабарлайды ASnews.kz.

Тәжірибелі ойыншы өткен маусымда «Елімай» және «Оқжетпес» командаларында ойнап, ҚПЛ-да өткізген 20 матчта бір гол соқты.

«Оқжетпесті» жаттықтырған қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов «Жетісу» командасының бас бапкері болып тағайындалды.

Мужиков кәсіби мансабында «Жетісу», «Астана», «Қайсар» және «Тобыл» клубтарының намысын қорғады. Қазақстан құрамасы сапында 30 ойын өткізіп, екі гол соқты.