26.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сергей Петров Краснодармен 2026 жылға дейін келісімшартын ұзартты

Сергей Петров Краснодармен 2026 жылға дейін келісімшартын ұзартты

«Краснодар» футбол клубы қорғаушы Сергей Петровпен жаңа келісімге қол қойды, деп хабарлайды клубтың телеграм-арнасы.

34 жастағы футболшымен келісімшарт — 2026 жылдың маусымына дейін ұзартылды. «Бұқалар» сапында ойнау барысында Петров 322 матч өткізіп, алаңда 24897 минут өнер көрсетті.

«Бұл жігіт «бұқалар» үшін 322 матч өткізді және әлі де көп ойнайды! Жаңа рекордтарды бірге жасаймыз», — деп атап өтті клубтың баспасөз қызметі.