25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сердар Азмун Иран мен Израиль арасындағы бітімге үн қатты

Сердар Азмун Иран мен Израиль арасындағы бітімге үн қатты

Varzesh3 хабарлағандай, «Шабаб Аль-Ахли» және Иран құрамасының шабуылшысы Сердар Азмун Иран мен Израиль арасындағы әскери қақтығыстың аяқталуына қатысты пікір білдірді.

АҚШ президенті екі ел арасындағы 12 күндік қарсыластыққа нүкте қоятын бітімге қол жеткізілгенін жариялады.

Құдай қаласа, сіздер қайғы көрмейсіздер. Иран жасасын!

Азмун әлеуметтік желілерінде осындай жазба қалдырды. Басылым сондай-ақ футболшының әскери іс-қимылдардан зардап шеккендерді орналастыру үшін Гомбеде-Кавуста үздік қонақ үйлердің бірін бір айға брондағанын хабарлады.