24.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Сенсациялық жеңіліс: «Ақтөбе» футзалда «Жетісудан» күтпеген жерден ұтылды

Қазақстан футзал чемпионатының 26-турында «Ақтөбе» күтпеген жерден «Жетісуға» 2:5 есебімен жол берді.

Жеңімпаздар сапында Тейшейра Барбоза (16′, 39′) мен Финео де Араужу (25′, 32′) дубль жасаса, Келсон Винисиус (39′) тағы бір гол соқты. Қонақтардан Нұрбек Қарағұлов (18′) пен Филипиньо (20′) нәтижелі соққыларымен көзге түсті.

Айта кетейік, бір күн бұрын өткен 25-тур ойынында «Ақтөбе» дәл осы «Жетісуды» 5:1 есебімен жеңген еді.