11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сенегал құрамасы Англияны тарихта алғаш рет жеңді

Сенегал құрамасы Англияны тарихта алғаш рет жеңді

BBC хабарлауынша, Сенегал құрамасы «Сити Граунд» стадионында өткен жолдастық кездесуде Англияны тарихи жеңіске жетті — Папе Тиав командасы қарсыласын 3:1 есебімен ұтты.

Харри Кейн есеп ашса да, Исмаила Сарр мен Хабиб Диарра қонақтарды алға шығарды — соңғы нәтижені Шейх Сабали белгіледі.

«Керемет кеш болды. Біз бұл ойында нәтижеге қол жеткізе алатынымызды білдік. Матч қиын болды, бірақ біз мінезімізді көрсетіп, осындай деңгейде ойнай алатынымызды дәлелдедік», — деді сенегалдықтардың капитаны Калиду Кулибали.

Бұл африкалық команданың Англия құрамасына қарсы 22 матчтағы алғашқы жеңісі — бұған дейін ағылшындар 15 рет жеңіске жетіп, 6 рет тең ойнаған. Сенегалдықтар 2024 жылдың қаңтарынан бері, Африка ұлттар кубогының 1/8 финалында Кот-д’Ивуарға жеңілгеннен бері ұтылған жоқ.