15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Семсерлесуден ересектер арасында Қазақстан кубогы өтеді

Семсерлесуден ересектер арасында Қазақстан кубогы өтеді

Қарағандыда семсерлесуден ересектер арасында Қазақстан кубогы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа 250-ден астам спортшы қатысады.

Республикалық турнир 15 қыркүйектен 21 қыркүйекке дейін жалғасады.

15-16 қыркүйек күндері рапира бойынша жарыстарда медальдар сарапқа салынады. Содан кейін семсер қаруымен айқасудан сайыстар өтеді. Қылыш қаруымен айқасушылар чемпионатты аяқтайды.