23.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Семсерлесуден әлем чемпионаты: Қазақстандық әйелдер құрамасы да жүлдеден тыс қалды

Семсерлесуден әлем чемпионаты: Қазақстандық әйелдер құрамасы да жүлдеден тыс қалды

Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында әйелдер арасындағы «сапы» бағдарламасында іріктеу бәсекелері өтті, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, бұл сында Қазақстан атынан София Николайчук, Владислава Андреева, Виктория Кайдарова және Каролина Фомина қатысты. Топтық кезеңдегі (5 сайыс) сайыстардан олардың екеуі ғана келесі айналымға өтті. Алайда, одан кейінгі алғашқы айналымдарда жарыстан шығып қалды.

Николайчук бейтарап мемлекеттің спортшысы Бавуга Хабиманаға 10:15 есебімен жол берсе, Фомина Израиль өкілі Дар Хехтке 10:15 ұпаймен есе жіберді.