08.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Семсерлесуден Сеулдегі Гран-при: Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Семсерлесуден Сеулдегі Гран-при: Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен семсерлесуден Гран-при жарысында Қазақстан құрамасы жүлделі орындарға іліге алмады.

Ерлер арасындағы ең үздік нәтиже Артём Саркисянға тиесілі — ол 24-орынға ие болды. Сондай-ақ:

  • Бақдәулет Құралбекұлы — 55-орын
  • Жанат Нәбиев — 92-орын
  • Назарбай Саттархан — 137-орын
  • Қуаныш Ерғашбай — 161-орын

Әйелдер сапында да үздіктер қатарына енген спортшы болған жоқ. Қазақстандық спортшылар нәтижелері:

  • Әйгерім Сарыбай — 60-орын
  • Татьяна Приходько — 78-орын
  • Анастасия Гулик — 97-орын
  • Карина Доспай — 99-орын
  • Диляра Исабекова — 136-орын

Құрама үшін бұл турнир тәжірибе жинап, әлемдік рейтингтегі орнын жақсартуға бағытталған маңызды кезеңдердің бірі болды.