19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Семсерлесуден Будапештте өтетін Әлем кубогының кезеңіне алты қазақстандық спортшы қатысады

Будапештте (Венгрия) саблямен семсерлесуден ерлер арасындағы Әлем кубогының кезеңі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады. Бұл туралы prosports.kz жазды.

Еліміздің намысын бұл ірі халықаралық турнирде алты спортшы қорғайды.

Рейтингтік ұпайлар мен жүлделер үшін Назарбай Саттархан, Артем Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Артур Чупраков, Қуаныш Ерғазбай және Жанат Нәбиев сайысқа түседі.

Әлем кубогының кезеңі 28-29 наурыз күндері өтеді.